Гаага, 2021 жылғы 1 қараша – Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркасын шығаруға бастама көтерді.
Нидерландтық пошта маркасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Аталған пошталық маркасы күнделікті пошта айналымында, сондай-ақ кәдесыйлар ретінде қолданыла алады.
Мерейтойлық марканы «Post NL» ұлттық пошта компаниясы шығарған. «Post NL» бүгінде Нидерландта, сонымен қатар Германия, Италия, Бельгия, Ұлыбритания сияқты елдерде пошта қызметтерін көрсетеді.