
14 Қазан 2021 - Ұлы Абай Құнанбаұлының 175 жылдық мерей тойын тойлау аясында Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын, қазақтаң атақты қазақ жазушысы және ғалымы Мұхтар Әуезовтің немересі, Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезоваға табыс етті.
Мемлекет басшысы өз хатында Зифа Мұратқызының біздің елдер арасындағы мәдени қарым-қатынас пен достықты нығайтудағы маңызды рөлін, сонымен қатар қазақ халқының мәдени құндылықтарын Нидерланд халқы арасында насихаттаудағы маңызды рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Зифа Мұратқызы мен оның жолдасы, ғалым, арабтанушы, лингвистика ғылымының докторы Роберт Эрмерске, ғұлама Абайдың «Қара сөздер» кітабын нидерланд тілінде шығарған үлкен үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хаты берілді.
Өз кезегінде қонақтар жұмыстарының жоғары бағаланғаны үшін ризашылығын білдірді және екіжақты мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады. Оның ішінде Ж.Жабаев (175 жас), М.Мақатаев (90 жас), Ә.Бөкейханов (155 жас), Ы.Алтынсарин (180 жас), Қ.Мұңайтпасов (150 жас), сонымен қатар 2022 жылы М.Әуезовтің туғанына 125 жыл сынды Қазақ халқының белгілі кемеңгерлерінің мерей тойларына ақпараттық іс-шараларға қатысуға дайындықтарын білдірді.
Еске салайық, Зифа Мұратқызы - филология ғылымдарының докторы, әдебиет тарихшысы, ғалым және Ұлы Абайдың «Қара сөздері» кітабын нидерланд тіліне аударған авторлардың бірі.