
17 қыркүйек, 2021 жыл, Гаага - Соңғы жылдары Нидерланд университеттеріндегі қазақстандық студенттердің саны өсуде. Солардың бірі, Гаага Қолданбалы Ғылымдар Университеті Елші Асқар Жұмағалиевті дүниенің түпкір-түпкірінен келген студенттерімен кездесу өткізуге шақырды. Кездесу аясында Елші Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі тармақтарымен, атап айтқанда, ғылым мен білімді дамытудың, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, және патриотизмді нығайтудың маңыздылығымен таныстырды. Елші, сонымен қатар, студенттерге еліміздің мәдени мұрасы туралы пайдалы мағлұмат берді. Атап айтқанда, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин және басқа да қазақ интеллигенциясының қайраткерлерінің қазақ ұлтының ағарту ісіндегі рөлі туралы мағлұматпен бөлісті.
Өз кезегінде Университет басшылығы мен студенттер Елшіге ұйымдастырылған кездесу үшін алғысын білдірді, берілген ақпараттың маңыздылығын атап өтті және ғылыми және білім беру салалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатындықтарын білдірді.