Нидерланд Корольдігіне келу бойынша маңызды мағлұмат: 2021 жылдың 19 тамызынан бастап Қазақстан коронавирустың аса қауіпті елдер қатарына кірді

Нидерланд Корольдігіне келу бойынша маңызды мағлұмат: 2021 жылдың 19 тамызынан бастап Қазақстан коронавирустың аса қауіпті елдер қатарына кірді

Нидерланд Корольдігіне келу бойынша маңызды мағлұмат: 2021 жылдың 19 тамызынан бастап Қазақстан коронавирустың аса қауіпті елдер қатарына кірді.

Сол себепті 2021 жылдың 19 тамызынан бастап Нидерландқа оралғаннан кейін саяхатшылар карантиннен талаптарын сақтауы тиіс (үйде). Жолға шығарда карантиндік сертификат толтыруыңыз керек.

2021 жылдың 21 тамызынан бастап, егер сіз Қазақстаннан Нидерландыға баратын болсаңыз, ұшар алдында ПТР тестінен өтуіңіз керек (оның ішінде вакцинацияланған немесе сауығу туралы куәлігіңіз болса).

Қазақстан мен Нидерландыда қабылданған шаралар туралы толығырақ ақпаратты Нидерланд Корольдігінің СІМ сайтында немесе https://www.nederlandwereldwijd.nl/landen/kazachstan/reizen/reisadvies сілтемесі бойынша алуға болады.

Нидерландта жүрген Қазақстан азаматтарынан сақтық шараларын сақтауды және жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі профилактикалық шараларды сақтау қажет:

- қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

- қолды әрдайым спирттік тазартқыш құралдармен сүрту;

- адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;

- науқас адамдармен байланыста болмау.

Суық тию белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақ ауруы), тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу қажет.

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты, Нидерландтағы ҚР Елшілігінде Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы телефон желісі ашылды: + 31-70-427-22 -22, consul.hague@mfa.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 1406, +7 717 2 76 80 43 байланыс орталығын құрды, онда ҚР азаматтары тәулік бойы жүгініп, аурудың жағдайы туралы барлық ақпаратты біле алады. Сонымен қатар әлемдегі коронавирус туралы жағдайды сұрастыра біледі. Желі бойынша аурудың алдын алу шаралары мен аурудың негізгі белгілері туралы мағлұмат беріледі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде сенім телефоны да жұмыс істейді: жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары мына телефондарға хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98 , +7 (7172) 72 -04-93. Жұмыс уақыты мен демалыс күндері-+7 (7172) 72-01-11 телефонына қоңырау шалыңыз.