
Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі Kazakh Invest-тің қатысуымен Rijk Zwaan компаниясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өнімділікті арттыру мақсатында фермерлерге арналған оқу орталығын құру мүмкіндігін талқылады.
Арнольд Рейерс мырза өз тарапынан Rijk Zwaan компаниясының қызметімен және қазақстандық серіктестер арасындағы ынтымақтастық тарихымен таныстырды. Rijk Zwaan бүгінгі күнге дейін Қазақстанда және Орталық Азияда 23 жылдан астам жұмыс істейді. Жалпы алғанда, компания әлемнің 30 елінде жұмыс істейді және әлемдік тұқым нарығының 9%-ын құрайды.
Бүгінгі күні компания қазақстандық фермерлерді көкөністердің әр түрлі сорттарын өсіруде өнімділікті арттыруға үйрету үшін жылыжайларды салу бойынша жұмысты бастауға дайын екенін хабарлады.
Кездесу барысында Асқар Жұмағалиев Rijk Zwaan өкілдерін екіжақты ынтымақтастықты нығайту аспектілерін талқылау үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминмен өтетін кездесуге шақырды.
Анықтама үшін:
Rijk Zwaan - штаб-пәтері Оңтүстік Голландияда, Де Льере қаласында орналасқан. Бүгінгі күні 30 елде 3500-ден астам қызметкері бар голландиялық асыл тұқымды шығаратын компания. Отбасылық бизнес көкөністер мен тұқымдардың әр түрлі сорттарын өсірумен айналысады. Компанияның әлемдік нарықтағы үлесі 9% құрайды, бұл оны көкөніс өсіру саласындағы 4-ші компания етеді. Мұнда көкөністердің 25-тен астам түрі, соның ішінде салат, қызанақ, қияр, болгар бұрышы және қырыққабат өсіріледі және осы салада қажетті патенттері бар.