
Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерландтың шетелдік инвестициялар агенттігінің өкілдерімен кездесіп, елдеріміз арасындағы екіжақты инвестициялардың мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында Елші мемлекет тарапынан шетелдік инвесторлар үшін ұсынылатын мүмкіндіктер мен құралдар туралы хабардар етті. Агенттік пен Kazakh Invest арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары да талқыланды. Агенттік өкілдері өз тарапынан ірі қазақстандық компанияларды Голландия нарығына шақыруда көмек сұрады.
Кездесу соңында қатысушылар тараптардың бірлескен ынтымақтастық жоспарын құруға келісті. Егер сізді қызықтыратын болса, hague@mfa.kz мекен-жайына ұсыныстар жіберіңіз.
Анықтама үшін:
40 жылдан астам Нидерланд шетелдік инвестициялар агенттігі (NFIA) шетелдік инвестицияларды тартудың басты орталығы болды. Қазіргі уақытта NFIA әлемнің 50 елінен 4 мыңнан астам компанияны Нидерландта бизнес құру немесе кеңейту үшін қолдайды.