Нидерландта табиғи шұжық қабықшалары, ет өнімдері және фармацевтика өнеркәсібі үшін шикізат өндірісі зерттелді

Нидерландта табиғи шұжық қабықшалары, ет өнімдері және фармацевтика өнеркәсібі үшін шикізат өндірісі зерттелді

Асқар Жұмағалиев «Van Hessen» компаниясының Басқарушы директоры Рональд Бургхорнмен және коммерциялық директор Роб Шутенмен кездесіп, Қазақстандағы мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауытын құру, сонымен қатар шығарылған өнімдерді Нидерландқа әкелуге рұқсат алу мүмкіндігін талқылады. Компания өзінің қызметін дүние жүзі бойынша таратып, қазақстандық бизнеспен ынтымақтастық құруға қызығушылық білдірді.

Елші Қазақстанның мал шаруашылығының әлеуеті, ауылшаруашылық өнімдеріне деген мемлекеттік қолдау шаралары және өткізу нарықтары туралы хабардар етті. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер мен ұлттық институттар қой өсіру саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Анықтама үшін:

«Ван Гессен» тобы 1902 жылы құрылған, табиғи шұжық қабықтары мен ет өнімдерін, сондай-ақ фармацевтика өнеркәсібі үшін шикізат өндірушілердің бірі болып табылады.