Қазақстан мен Кюрасао арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас  - Нидерланд Корольдігімен серіктестіктің маңызды бөлігі

Қазақстан мен Кюрасао арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас  - Нидерланд Корольдігімен серіктестіктің маңызды бөлігі

Гаага, 2021 ж. 19 мамыр - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев пен Кюрасао Өкілетті Министрі, Нидерланд Корольдігі Министрлер Кеңесінің мүшесі Энтони Бегина кездесу өткізді. Кездесу аясында өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі, сауда-экономикалық әлеуетті нығайту және туризмді дамыту тақырыптарын талқылады.

Елші Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің негізгі жетістіктері мен іске асқан үлкен жобаларды таныстырды. Соның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған ұлтаралық келісімнің бірегей институты - Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы хабарлады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі мақсаттары мен жоспарлары туралы және 2021 жылы Қазақстандағы Парламент сайлауының нәтижелері туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, өкілетті министр Курасаода іске асып жатқан экономикалық реформа бойынша мағлұматпен бөлісіп, Қазақстанмен мұнай-газ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік білдірді.

Бегин мырза 1993 жылы Республиканың Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде жоғары білікті жас кадрлар мен ел экономикасының басым салалары үшін мамандар даярлаудағы табысты тәжірибеге ерекше көңіл аударып, өз қызығушылығын білдірді.

Кездесу соңында А.Жұмағалиев қазақтың ұлы философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай голланд тіліне аударылған  «Қара сөздер» («Боек ван Оверденкинген») кітабының көшірмесін сыйлады.

А. Бегин Нидерланд Антиль аралдары үкіметінің басшылығымен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан Елшісін Курасаоға жұмыс сапарымен келуге шақырды.

Анықтама үшін:
Курасао - Кариб теңізінің оңтүстігінде орналасқан өзін-өзі басқаратын қоғамдық бірлестік. Антиль аралдары 2010 жылдан бастап Нидерланд Корольдігінің Федерация мүшесі болып табылады.