Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерландтағы қазақстандық студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуге Корольдіктің әр түрлі қалаларынан, оның ішінде Гаага, Твенте, Роттердам және Лейденнен қазақстандық студенттер шақырылды. Елші студенттерге Қазақстанның ғылым мен инновацияны дамытудағы жетістіктері туралы, сондай-ақ үкіметтің жастарға ғылыми гранттар мен тағылымдамаларды ұлғайту жоспарлары туралы айтып берді.
Елші студенттерге Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын реформалаудағы жетістіктері, сондай-ақ мемлекеттің жастар саясатын қолдау және іске асыру бойынша қабылданған шаралары, «Нұр Отан» партиясының Съезінің нәтижелері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылатын жобалар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауының негізгі ережелері, әсіресе жас ұрпақтың дамуы мен тәрбиесі, оның ішінде патриотизмді нығайтуға ерекше назар аударылғаны туралы хабарбар етті.
Студенттер өз тарапынан Елшіге ұйымдастырылған кездесу үшін алғысын білдіріп, берілген ақпараттың маңыздылығын атап өтті және болашақта түрлі имидждік шараларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар, А.Жұмағалиев консулдық сұрақтар бойынша консультациялар өткізіп, еліміздің жалпы имиджі Қазақстан азаматтарына деген көзарастан, оның ішінде шетелде жүрген отандастарымыздан, қалыптасатынын атап, мәселенің маңыздылығын меңзеп өтті.
Елшілік ағымдағы жылдың 22 мамырында Нидерландтағы диаспора өкілдерімен кездесу өтетіндігін хабарлайды.
Қатысу үшін hague@mfa.kz мекен-жайына хабарласыңыз.