
Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Нидерланды қой мен ешкі өсірушілер қауымдастығының бас директоры Рейнард Эвертс мырзамен қой шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты және терең өңдеу жұмыстарын дамытуды талқылады.
Кездесу барысында тараптар голланд фермерлерін еліміздің қой шаруашылығын дамытуға қатысу, қалдықсыз ет өңдеудің бірлескен кешенін құру, сондай-ақ осы салада тәжірибе алмасу бағдарламасын құру мәселелерін талқылады.
Рейнард Эвертс өз тарапынан голландиялық қой шаруашылығының қазіргі жағдайымен таныстырды. Қой шаруашылығында тұқым қалыптастыруды дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Нидерланды «Тексель» қойларының отаны ретінде танылады. Тұқым өзінің ерекше қасиеттерімен танымал. Бір қойдың орташа салмағы 95 келіден асады. Қазіргі кезде текстельдер Жаңа Зеландияда, Австралияда, Америкада және Батыс Еуропада өсіріледі.
Елші Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті, ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік қолдау және өткізу нарықтары туралы хабардар етті, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер мен ұлттық институттар қой өсіру саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті .
NSFO басшылығы Қазақстанда бизнес құруға және Қазақстанда ет саласын дамытуға қолдау көрсетуге қызығушылық білдірді.
Анықтама үшін:
NSFO (De Nederlandse Schapen-en geitenfokkers Organisatie) - Нидерландыдағы қой мен ешкі өсірушілердің кәсіби ұйымы. Басқарма мен Бақылау кеңесі толығымен белсенді қой-ешкі фермерлерінен құралған. NSFO келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді: