
Гаага - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі KazakhInvest-пен бірлесіп, Нидерландтың Ауылшаруашылық тұқымдары мен картоп тұқымдарының бас инспекциясы қызметімен (НАК) және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер қауымдастығы, Биология және биоәртүрлілік институты, Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Нидерланд тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда картоп тұқымын сертификаттау және тексеру жүйесін енгізу мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Нидерландта тұқым мен тұқымдық картоптың сапасын қадағалайтын бірегей жүйе сексен жылдан бері бар екенін атап өткен жөн.
НАК өкілі Ад Туссан мырза Қазақстанда картоп тұқымын сертификаттау мен инспекциялау жүйесін енгізуде Қазақстанды қолдауға дайын екенін атап өтті. Биылғы жылдан бастап NAK отандақ мамандарды Нидерландта оқытуға, сондай-ақ голландиялық мамандардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен қатар, голландиялық тарап қазақстандық кәсіпкерлерді картоп өсіруді дамытуға арналған халықаралық PotatoEurope іс-шарасына қатысуға шақырды. Іс-шара ағымдағы жылдың 1-2 қыркүйегінде Флеволанд провинциясында өтеді. Іс-шара туралы толығырақ ақпаратты https://potatoeurope.nl/ сайтынан алуға болады.
Анықтама үшін: НАК инспекциялар жүргізеді, бағалайды және ауылшаруашылық тұқымдарына, оның ішінде дәнді дақылдарға, жарма мен жемге сертификат береді. Бірақ бұл қызметтің негізгі өнімі - картоптың тұқымы. NAK өнімдерді олардың өсуінің барлық кезеңдерінде бақылайды. Тұқымдық картоп пакетіндегі көк түсті NAK жапсырмасы - бұл дүниежүзілік сенімділік кепілі.