Нидерландта Наурыз мейрамына орайластырылған қазақтың халық музыкасының онлайн-концерті өтті

Нидерландта Наурыз мейрамына орайластырылған қазақтың халық музыкасының онлайн-концерті өтті

2021 ж. 21 наурыз, Нидерланд - Наурыз мейрамын тойлауға орайластырылған, «Naǵyz Beauty of Kazakhstan» жобасының тұсаукесері аясында «ASTANA SAZY» Қазақ Ұлттық фольклорлық ансамблінің қатысуымен қазақ халық музыкасының онлайн-концерті өтті.

Іс-шараның басты мақсаты - Еліміздің шынайы сұлулығын халқымыздың дәстүрі, музыкасы және де басқа мәдени мұралары арқылы көрсету. Концерт барысында көрермендерге қазақ көйлектерінің әсемдігі және дәстүрлі тағам Наурыз көжені» дайындау тәсілі.

Елшілік «Naǵyz Beauty of Kazakhstan» жобасының негізін қалаушы Айнұр Арашаповаға ерекше алғысын білдіреді. Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан Республикасының Бенилюкс елдеріндегі елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері қатысты.