
16 наурыз 2021 жыл, Вагенинген - Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев «Solynta» компаниясының коммерциялық директоры Чарльз Миллермен кездесіп, Қазақстанда картоп тұқымын өндіру саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Кездесулер барысында тараптар картоп тұқымын өндіру, Компанияның картопты қайта өңдеу зауытын салуға қатысуы және Қазақстанға супер элиталық картоп тұқымын жеткізу мәселелерін талқыға салды.
Чарльз Миллер «Solynta» компаниясының қызметімен таныстырды және Компанияның гибридті картоптары ГМО емес екенін атап өтті. 25 грамм «Solynta» картоп тұқымымен (2500 кг тұқым түйнектерінің орнына) бір гектар алқапты отырғызуға болады. Бұл көлік шығындарын азайтады және отырғызу материалын дамушы елдердегі фермерлерге көбірек ұсынуға мүмкіндік туғызады. Картоп тұқымы вирустар мен басқа қоздырғыштар қоздыратын аурулардың санын азайтады, сол арқылы өнімділікті жоғарылатады.
Елші Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті, ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік қолдау шаралары және өткізу нарықтары туралы хабардар етті. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер мен ұлттық институттар картоп өсіру саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
Компания басшылығы Қазақстанда бизнесті дамытуға және Қазақстанда картоп саласын дамытуға қолдау көрсетуге қызығушылық білдірді.