Қазақстан 2020 жылы экономикалық еркіндік рейтингінде әлемде 39-орынды иеленді

Қазақстан 2020 жылы экономикалық еркіндік рейтингінде әлемде 39-орынды иеленді

Америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша «Мұра қоры» (Heritage Foundation) елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді (2019 жылғы рейтингте – 59-орын).

Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті. Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнестің бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі секілді көрсеткіштер бойынша байқалды.

 

https://herit.ag/3uOvXin