
Гаага, 12 қаңтар 2021 жыл - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев пен Нидерланд Королі Кеңсесінің Басшысы Кристофер Йонкер кездесу өткізіп, екі ел арасындағы энергетика және аэроғарыш өнеркәсіптерін дамыту перспективалары бойынша талқылау өткізді.
Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі елдегі соңғы саяси өзгерістер және 2021 жылы 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижелері туралы хабардар етті.
Өз кезегінде К. Йонкер Нидерланд экономикасының түрлі салаларындағы, әсіресе су ресурстарын басқару бағытындағы жетістіктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Асқар Жұмағалиев қазақтың ұлы философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толу мерекесі аясында голланд тіліне аударылған «Қара сөздер» («Boek van Overdenkingen») кітабының бірнеше данасын патшалық кітапханасының қорына сыйға тартты.
Кездесу соңында, тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тығыз қатынаста болуға келісті.