
Қазақстанда COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 мемлекеттің, оның ішінде Нидерланд Корольдігінің азаматтарына бір жақты визасыз режим уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 каңтарға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік жол жүруші ҚХР мен Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды.
Демек 2021 жылғы 1 мамырға дейін Қазақстанға сапар шегетін Нидерланд азаматтары ҚР Гаагадағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі арқылы, тиісті санаттағы визаны алуға тиісті.
Қазақстан Республикасының визалары ҚР визасын беру тәртібіне сәйкес рәсімделеді.
Нидерланд сияқты 57 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға келесі санаттағы бір реттік визаларды шақырусыз (визалық қолдаусыз) алуға мүмкіндігі бар екенін естеріңізге саламыз:
- Қызметтік (A3) – елде болу мерзімі 90 күн;
- Іскерлік (B1) – елде болу мерзімі 60 күн;
- Іскерлік (B3) – елде болу мерзімі 30 күн;
- Жеке (B10) – елде болу мерзімі 90 күн;
- Туристік (B12) – елде болу мерзімі 30 күн.
ҚР визаларын беру тәртібінде көрсетілмеген өзге жағдайларда өтінім берушінің ҚР миграциялық қызметінде рәсімделген шақыруы (визалық қолдауы) болуы міндетті.