
Қазақстан және Нидерланд Елшіліктерінің бірлескен қолдауымен 2020 жылы 28 қазанда Нидерланд-Қазақстан бизнес қауымдастығының (NKBA) платформасында «Қазақстандағы су және климаттың өзгеруі» атты вебинары өткізілді. Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің өкілдері, Нидерландтағы Қазақстан Елшілігінің атташесі М.Қаражігітова, Қазақстандағы Нидерланд Елшілігінің аға экономикалық офицері Қ.Болатұлы, сондай-ақ, қазақстандық және голландиялық компаниялардың мен институттардың өкілдері қатысты.
Вебинарда ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары М.Аяшев; Қазақстан-Неміс Университетінің Су ресурстарын басқару жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Б.Януш-Павлетта және «Су ресурстарын интеграцияланған басқару» атты магистрлік бағдарламасының үйлестірушісі Л.Когутенко; Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және су ресурстарын басқару бойынша нидерландтық тәуелсіз сарапшы Р.Бош және «Дельтарес» су проблемалары жөніндегі жетекші ғылыми-зерттеу институтының сарапшысы К.Мейер спикерлер ретінде қатысты.
Қатысушылар Батыс Қазақстан облысы өзендерінің таяздануына, Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне, судың сапасына қатысты қазіргі проблемалар бойынша пікір алмасып, келешекте ахуалдың дамуына климат өзгеруінің әсерін талқылады.
Іс-шараның барысында М.Аяшев министрліктің 2020-2030 жылдарға арналған ҚР Су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын Үкімет бекіткеннен кейін іске қосу жоспарлары туралы айтып берді, сондай-ақ, осы салада Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.
Вебинардың соңында К.Мейер Нидерландтың «Water, peace and security» атты инициативасымен танысты. Аталған бағдарлама аясында «Дельтарес» институты басқа мамандандырылған ведомствалармен бірлесіп (соның ішінде IHE Delft, Wetlands International, International Alert халықаралық) су ресурстардың тапшылығымен / теңгерімсіздігімен байланысты тәуекелдерді зерттейді және мүдделі тараптарға алдын-алу шараларын әр түрлі деңгейде қабылдау үшін тиісті талдау ақпаратты ұсынады.
Кешенді талдау жасау үшін үлкен деректер, жасанды интеллект, дистанциялық зондылау және басқа озық құралдар мен технологиялар қолданылады. Аталған талдау мүдделі саясаткерлерге өте маңызды ақпаратты береді: 1) алдын-ала ескерту сигналдары; 2) тәуекелдер қай жерде және қашан ұлғаяды; 3) олармен қалай күресу және қандай шешім қабылдауға болады.
Іс-шара тақырыбы қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Келесі вебинардың өткізілуі 2020 жылы 25 қарашада жоспарланған.