|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
Жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Туу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. |
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі |
Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Шет мемлекеттің аумағындағы консулдық іс-әрекеттер үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асады. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей: 1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету Қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6-қосымшасына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін); 3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат; 4) егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім; 5) егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы; 6) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін); 7) баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі (салыстыру үшін) не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы акті жазбасының көшірмесі; 8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда қосымша ұсынылады: 1) ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі; 2) баланың денсаулығы туралы анықтама. Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әкелікті анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтініш; 2) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді). Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немес орыс тіліне аударылуға жатады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 2-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777. |