Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін Сізге алдын ала ҚР НК-дегі консулдык мекемесінің қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 2 данада ұсынуыңыз қажет:

  1. баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (нысан бойынша);
  2. ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);
  3. көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
  4. егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім;
  5. егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болса, құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы;
  6. ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін);
  7. баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі (салыстыру үшін) немесе туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) немесе баланың туу туралы акті жазбасының көшірмесі;
  1. төлем түбіртегінің түпнұсқасы, сондай-ақ 20,00EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі.

THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:

ACCOUNT NR: 54.65.49.152

BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A

IBAN: NL67ABNA0546549152

BANK: ABN AMBRO N.V.

ADDRESS: Badhuisweg 91,

2587 CE DEN HAAG, THE NETHERLANDS

Естеріңізге сала кетейік, нидерланд тіліндегі барлық құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне кәсіби аудармашымен аударылуы және куәландырылуы керек.

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

МАҢЫЗДЫ: Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылуы керек.

 

 

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Дата публикации
11 сентября 2020