Заявление и анкета на паспорт

ҚР азаматының паспортын жасауға құжаттарды тапсыру туралы

АҚПАРАТ

ҚР азаматының паспортын жасауға құжаттарды тапсыру үшін Сізге алдын ала            ҚР НК-дегі консулдык мекемесінің қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 2 данада ұсынуыңыз қажет:

 

  1. Өтініш;
  2. туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты. Баласы ҚР азаматының жеке басын растайтын құжаттарды алуға қарсы емес жайлы шетелдік ата-анасының нотариалды куәландырылған және қазақ немесе орыс тіліне аударылған өтініш-келісімі (бала ҚР тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі балалары туған кезде ҚР-ның азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де ҚР тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда);
  3. ҚР азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде) және жеке деректер бар паспорт парақшаларының көшірмелері (ГФР-ға ТТЖ-ге кету туралы ҚР ІІМ-нің белгісі (немесе кету парағы), консулдық тіркеу, ГФР-да тұруға ықтиярхат;

- Нидерландының ЖОО-да оқитын ҚР студенттері жергілікті ЖОО-да оқитынын және оқу мерзімін дәлелдейтін анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесін тапсыру тиіс.

- Нидерланды аумағында уақытша жұмыс істейтін ҚР-ның азаматтары қолданылу мерзімі көрсетілген еңбек шартының түпнұсқасы мен көшірмесін тапсыру тиіс.

Бұл құжаттар қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге тапсырылуы тиіс;

  1. түрлі-түсті фотосурет (3,5 х 4,5 см) – 4 дана;

Фотосурет арызданушының құжатты ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес келуі, сондай-ақ алдынан, ақ жерде, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық болу тиіс, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы 75% жуығын алу тиіс);

  1. Сіздің ҚР-ның азаматы болып танылғаныңыз және болу елінің азаматтығын алуға өтініш бермегеніңіз туралы, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы бар анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі . Аталған анықтама берілген мерзімнен кейін 30 күнің ішінде ҚР НК-дегі консулдық мекемесіне ұсынылуы тиіс;
  2. Неке қию/ажырасу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері. Егер неке қию/ажырасу НК-дегі жасалған болса, онда аталған құжаттың «Apostille» мөртабасы мен қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы болуы қажет.

Егер паспорт арызданушының НК-де некеге тұруына байланысты оның жаңа тегіне берілетін болса, онда неке қию туралы куәлікпен бірге қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы бар тегінің өзгертілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмелері қоса берілуі керек.

  1. Төлем түбіртегінің түпнұсқасы, сондай-ақ 75,00EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі.

THE EMBASSY OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN:

ACCOUNT NR: 54.65.49.152

BIC/SWIFT CODE: ABNANL2A

IBAN: NL67ABNA0546549152

BANK: ABN AMBRO N.V.

ADDRESS: Badhuisweg 91,

2587 CE DEN HAAG, THE NETHERLANDS

  1. НК-де тұрақты тұруға растайтын құжат (түпнұсқасы мен көшірме)

 МАҢЫЗДЫ: НК-ге уақытша сапармен кеткен (жеке, туристік сапармен) және Нидерландыда тұрақты тұруға қалған тұлғалардың паспорттары ҚР-ның НК-дегі консулдық мекемесі арқылы ҚР-ның құзыретті органдарына тұрақты тұруға өтініш бергеннен кейін және оң жауап алғаннан соң ғана ауыстырылады.

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

Заявление на паспорт
Дата публикации
11 июня 2020