Меню

Страницы

Статья

"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Қиын жағдайлар деп осындай оқиғалар түсініледі:

  • форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар (еңсерілмейтін күш, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде болу мемлекетіндегі дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай);
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
  • Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы іс-әрекеттер;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде  жағдайларда қайтыс болса, келесі жағдайлардан өзге жайттарда: 1)өтініш берушінің көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы және (немесе) өтініш берушінің қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттарды ұсынбауы; 2) Қазақстан Республикасы азаматының болу мемлекетінің заңнамасын бұзған себебінен туындаған қиын жағдайды құжатпен растайтын фактілерінің бар болуы; 3) Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен (оның ішінде алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде) болған оқиғалар; 4) Қазақстан Республикасы азаматының эвтаназия немесе суицид салдарынан қайтыс болуы; 5) медициналық сақтандырудың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның оның осы мемлекетте болуына, оның ішінде болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің болуы.).нашарлауы және күтпеген қазасына әкеліп соғатын оқиғалар.

Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

  • шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына дейінгі көлік шығыстарын төлеу (экономкласты әуе билетінің құнынан аспайды);
  • бір жолғы материалдық көмек:
    тамақтану (Қазақстан Республикасының азаматына күніне 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес;
    тұру (күніне 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды) 3 (үш) тәуліктен артық емес;
    бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда оларды сатып алу (280 (екі жүз сексен) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды);
  • жүкті жөнелту, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматының денесін (қайтыс болғандардың күлі салынған cауыттар мен табыттарды) Қазақстан Республикасына тасымалдау, бальзамдау, мәйітханада денені сақтау, болу мемлекетінде жерлеу немесе кремациялау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қамтиды.

Шетелдегі мекеме қаржылай көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартады:

  • өтініш берушінің көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы және (немесе) өтініш берушінің қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттарды ұсынбауы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының болу мемлекетінің заңнамасын бұзған себебінен туындаған қиын жағдайды құжатпен растайтын фактілерінің бар болуы;

  • Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен (оның ішінде алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде) болған оқиғалар;

  • Қазақстан Республикасы азаматының эвтаназия немесе суицид салдарынан қайтыс болуы;

  • медициналық сақтандырудың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматын шақырған адамның немесе ұйымның оның осы мемлекетте болуына, оның ішінде болу мемлекетінде қайтыс болуына байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерінің болуы.

     

  • Өтініш (Қазақстан Республикасы азаматтарының, туыстарының немесе өзге де уәкілетті тұлғалардың өтініштері).
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Болу елінің уәкілетті органдары берген және қиын жағдайдың басталуына байланысты қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттар.
  • Зорлық-зомбылық, денсаулығының нашарлауы не қайтыс болуы фактісі болған жағдайда, болу елінің медициналық не өзге де уәкілетті мекемесі берген құжаттар.
  • Өтініш түскен сәттен бастап 10 жұмыс күніне дейін

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Гуанчжоу қ., Хайчжу ауд., Юэцзян к-сі, 220, Гуанчжоу халықаралық медиа орталығы, Шығыс ғимарат, 1803-кеңсе

Телефон арқылы хабарласыңыз: +86 (020) 899 89 004 және/немесе электрондық пошта: guangzhou@mfa.kz

Дата публикации
20 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 апреля 2026
Консулдық және визалық мәселелер
Ақпарат
28 апреля 2026
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
20 апреля 2026
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң