Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
  • егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
  • егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
  • егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
  • адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.

          Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеуді шет елдегі мекеме:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы ҚР Заңының 21-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздерді растайтын құжаттардың бірі болған кезде азаматтың еркін нысанда жасалған Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу туралы өтінішін алған кезде жүзеге асырады. Өтінішке Қазақстан Республикасы азаматының паспортының және жеке куәлігінің түпнұсқалары (олар болған кезде) қоса беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі болмаған немесе жоғалған жағдайда өтініш берушінің жазбаша түсіндірмесі және осы фактіні растайтын құжаттар (олар болған кезде) ұсынылады;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы ҚР Заңының 21-бабында көзделген негіздердің бар екендігі туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының немесе шет мемлекеттің құзыретті органдарының ресми хабарламасын алған кезде жүзеге асырады.

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • аталған фактіні растайтын құжат;

Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
  • кәмелет жасқа толмаған баласының ҚР азаматтығын жоғалтуға нотариалды расталған екінші ата-анасының (ҚР азаматы болған жағдайда) келісімі.

ЕСКЕРТПЕ: шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті. Шетелдік паспорттың аудармасы қажет емес.

-

  • Қызмет - тегін;
  • Анықтаманы беру – 325 қытай юані
https://dipqyzmet.mfa.kz/

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Гуанчжоу қ., Хайчжу ауд., Юэцзян к-сі, 220, Гуанчжоу халықаралық медиа орталығы, Шығыс ғимарат, 1803-кеңсе

Телефон арқылы хабарласыңыз: +86 (020) 899 89 004 және/немесе электрондық пошта: guangzhou@mfa.kz

Дата публикации
17 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 апреля 2026
Консулдық және визалық мәселелер
Ақпарат
28 апреля 2026
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
20 апреля 2026
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Меню подвал

Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң