Меню

Страницы

Статья

Қайталама куәліктер мен анықтамаларды беру

БЕРІЛЕТІН АНЫҚТАМАЛАР:

  • туу туралы қайталама куәлік беру;
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік беру;
  • қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
  • туу туралы анықтама беру;
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беру;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама беру;
  • қайтыс болуы туралы анықтама беру;
  • некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру.
  • Туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін).
  • Туу/некеге тұру/некені бұзу/қайтыс болу туралы алғашқы куәлік (бар болса).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • 3 жұмыс күні;
  • АХАЖ АЖ-да акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3  күнтізбелік күн ішінде (өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде) хабардар ете отырып, күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • 195 қытай юані

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Гуанчжоу қ., Хайчжу ауд., Юэцзян к-сі, 220, Гуанчжоу халықаралық медиа орталығы, Шығыс ғимарат, 1803-кеңсе

Телефон арқылы хабарласыңыз: +86 (020) 899 89 004 және/немесе электрондық пошта: guangzhou@mfa.kz

Дата публикации
17 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 апреля 2026
Консулдық және визалық мәселелер
Ақпарат
28 апреля 2026
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
20 апреля 2026
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң