- Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері
- Шетелдегі қазақ ақын-жазушылары мен зерттеушілердің шығармашылығындағы Абайдың идеялары мен ой-тұжырымдарының көріністерін зерттеу.
- Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер аясында Абай тағлымының өзектілігін көрсету.
- Абайдың әділет, махаббат, білім, еңбек, қазақи құндылық тақырыптарын қамтитын туындыларының шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында көрініс табуына ықпал көрсету.
- Абайдың шығармашылығына арналған жинақ дайындау арқылы оның философиялық және әдеби мұрасының өзектілігін дәріптеу.
- Шетелде тұратын этникалық қазақ қаламгерлерінің шығармашылығына қолдау көрсету.
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Конкурсқа қатысу туралы өтінім мен қатысушылардың жұмысы 2025 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады.
- Өтінімдер Астана қаласы, Д.Қонаев көші, 12/1 үй, «Отандастар қоры» КеАҚ мекенжайына немесе otandastar2025@gmail.com электронды поштасына жіберілуі тиіс.
- Конкурсқа 16 жастан асқан кез-келген ұлты қазақ шетел азаматтары, шетелде тұруға ықтияр хаты бар ҚР азаматтары және Абайтанушы шетелдік азаматтар қатыса алады.
- Қатысушылар жұмысымен бірге өздері туралы мына ақпараттарды міндетті түрде жолдауы керек: аты-жөні, мемлекеті, жасы, байланыс телефондары.
- Қатысушының жұмысы «Word» немесе «PDF» форматында (шрифт Times New Roman, кегель 14, жоларалық интервал - 1) болуы керек.
- Автор конкурсқа жұмысын жібере отырып, авторлық құқықтың берілуіне кепілдік береді.
- Автор ұйымдастырушылардың туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, интернет-ресурстарында жариялауына рұқсат береді.
- Автор ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
- Қазылар алқасы байқау келгентуындыларды бағалау және Байқау жеңімпаздарын анықтауды 2025 жылғы 10 мамырға дейін жүзеге асырады. Қазылар алқасының шешімі «Отандастар қоры» КеАҚ ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жариялайды.
- Қатысушылардың жұмысын бағалау критериялары
Қазылар алқасы байқауғатүскен жұмыстарды төмендегі критериялар бойынша бағалайды:
- конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы;
- жоғары моральдық - этикалық және гуманистік құндылықтарды құрметтеу талабына сәйкес жазылуы;
- әдеби, ғылыми жазу тілінің стилі, мазмұндылығы, тақырып ерекшелігі, көркемділігі мен шынайы деректілігі;
- қатысушылар жұмысының түпнұсқалығы;
- шығармаларда фото-материалдар болған жағдайда сапалы болуы.
- Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
Конкурс жеңімпаздарының шығармалары жинақталып, баспа түрінде жарық көріп, электронды форматта сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің назарына ұсынылады.
Сонымен қатар, жинақтың тұсаукесер рәсімі өткізіледі.