
«Отандастар қоры» 2025 жылғы 30 маусым - 13 шілде аралығында 12-17 жасар қазақ диаспорасы балаларының қатысуымен бесінші «Жас Қазақ» жазғы танымдық этно лагерін Бурабайда (Ақмола облысы) ұйымдастырады.
Жобаның мақсаты – алыс-жақын шеттегі қазақ диаспорасының балаларына тарихи отаны Қазақстанды көрсету, қазақ тілі, тарихы және мəдениетін тереңірек таныстыру.
Осы орайда, Ирандағы қазақ жастары үшін 5 жолдама бөлінген.
Жолдама - қатысушылардың 2 апта лагерьде білім алуын, жатын орнын, тамақтануын және әртүрлі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді.
Лагерьге келу және қайту жол қаражаты қатысушының өз есебінен төленеді.
Жолдамаға Қоғам немесе бірлесіп ұйымдастырған байқауларға қатысқан белсенді, талантты балалар да үміткен бола алады.
2025 жылы: «Жас қазақ» жазғы этно лагеріне қатысушыларды іріктеп алу үшін ұйымдастырылып жатқан онлайн байқаулар:
|
Атауы |
Сілтеме |
|
«Әлқисса» домбыра байқауы |
|
|
«Ақ сиса» қазақ әндері байқауы |
https://oq.gov.kz/news/1269-aq-sisa-zhayau-musa-190-dgyldyghyna-orai%CC%86-qazaq-anderi-bai%CC%86qauy |
|
«Әлемде жоқ бала» мәнерлеп оқу байқауы |
https://oq.gov.kz/news/1268-alemde-dgoq-bala-orazaqyn-asqardynh-90-dgyldyghyna-orai%CC%86-manerlep-oqu-bai%CC%86qauy |
|
«Абайдың асыл сөздері» әдеби туындылар байқауы |
https://oq.gov.kz/news/1267-abai%CC%86-qunanbaevtynh-180-dgyldyghyna-orai%CC%86-abai%CC%86dynh-asyl-sozderi-adebi-tuyndy |
Тағы да басқа байқаулар туралы ақпаратты «Отандастар қорының» ресми сайты мен әлеуметтік желілерінен қарауға болады.
Ресми сайт: https://oq.gov.kz/
Әлеуметтік желілер:
Instagram: https://www.instagram.com/otandastar_qory/?hl=en
Facebook: https://www.facebook.com/OtandastarQory/
Telegram: https://t.me/s/otandastar