Елші О.Оңалбаевтың Иранның Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының президентімен кездесуі

Елші О.Оңалбаевтың Иранның Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының президентімен кездесуі

2024 жылғы 27 қаңтарда Қазақстанның Ирандағы Елшісі О.Оңалбаев Иран Ислам Республикасы Ислам мәдениеті және ислам байланыстары ұйымының Президенті Мехди Иманипурмен нәтижелі кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде ирандық тараптың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті съезіне қатысуы мәселелері туралы пікір алмасты.

 

Осы ретте, Қазақстан Елшісі О.Оңалбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаевтың биыл Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне шақыруын М.Иманипурға тапсырды.

 

Өз кезегінде, Иран Ислам мәдениеті және ислам байланыстары ұйымының Президенті М.Иманипур Қазақстанның өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты нығайту бойынша бастамаларын қолдайтынын мәлімдеп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының жұмысына жоғары баға берді.

 

Тараптар кездесу соңында алдағы уақытта екіжақты сындарлы байланыстарды жалғастыру туралы уағдаласты.