Баболдың Қазақстанмен байланысқа қызығушылығы

Баболдың Қазақстанмен байланысқа қызығушылығы

Қазақстанның Горгандағы Бас консулы Ербол Ахметов екі елдің өңіраралық ықтымақтастығын нығайту аясында Бабол қаласының басшылары Х.Бикайи және Ә.Пирфалак, қаланың ірі кәсіпорындары және жоғары оқу орындары жетекшілерімен кездесулер өткізді. Оның барысында қалалар арасында бауырластық қатынастар орнатуы, Қазақстанда инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайды, білім беру, медицина және туризм саладарында байланыс жасау мәселелері талқыланды.

Е.Ахметов ҚР Үкіметінің елдегі экономикалық жобаларды іске асыруға ниетті инвесторларға көрсететін қолдау және беретін жеңілдіктері туралы жан-жақты ақпараттар беріп, ирандық іскер топ өкілдерін бұл мүмкіндікті пайдалануға шақырды. Қазақстан мен мен Иран арасында өзара тиімді ынтымақтастыққа қажет шарт-құқықтық база қалыптасқаны, оның ішінде білім беру, медицина және басқа ла салалары да қамтылғанын хабарланды. Бұл ретте, ирандық оқу орындары ҚР медициналық ЖОО және мекемелерімен еркін байланыс орната алатыны және бұл бағыттағы ұсыныстарға қажетті қолдау жасалатыны мәлімденді.

Ирандық тарап аталған мәселелерге қызығушылық танытып, Қазақстан экономикасы мен нарығымен барынша жақын танысу үшін сапар жасауға және тиімді жобалар мен ұсыныстар болған жағдайда, оларға қатысуға әзірліктерін білдірді.