
«Отандастар қоры» КеАҚ ағымдағы жылы шетелде тұратын этникалық қазақтарға арналған «Qazaqsha Stand Up» онлайн байқауын жариялады. Оның мақсаты қазақ диаспорасы жастарының төл ойы мен шығармашылығын бөлісуге мүмкіндік беру, қолдау көрсету, қазақ тілін кеңінен насихаттау болып табылады.
Осыған орай, қосымшада берілген байқау туралы ақпаратпен танысуға және оған қатысуға шақырады.