
«Отандастар қоры» КеАҚ ағымдағы жылы шетелде тұратын этникалық қазақтарға арналған «Қалам мен Қиял» шығармашылық байқауын жариялады. Оның мақсаты қазақ жастарының төл ойы мен шығармашылығын бөлісуге мүмкіндік беру, оларға қолдау көрсету, қазақ тілін кеңінен насихаттау болып табылады.
Осыған орай, қосымшада берілген байқау туралы ақпаратпен танысуға және оған қатысуға шақырады.