
2024 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасында мәдениет, білім және ғылым салаларындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын негізгі құрылым – ИИР Мәдени революциясы Жоғарғы кеңесінің хатшысы Абдолхусейн Хосропанахпен кездесті.
Кездесуде екі елдің мәдениет, білім және ғылым салаларындағы байланыстарын одан әрі дамыту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, Шығыс әлемінің данышпаны Әл-Фараби мұрасын зерттеу, насихаттау және ғылыми айналымға енгізу жұмыстарын жандандыру мақсатында Фараби Бірлескен қорын құру және иран тарапының қолдауымен Қазақстан аумағында Фараби кесенесін салу мәселелері әңгіме болды.