
2024 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі О.Оңалбаев Қазақстан мен Түркіменстан аумақтары арқылы Ираннан Қытайға контейнерлік пойызды іске қосу рәсіміне қатысты.
Иран тарапынан рәсімге ИИР Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары - Темір жолдарының Бас директоры М.Салехи, Иран теміржол саласының, Қытай және Түркіменстан елшіліктерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Елші О.Оңалбаев сөйлеген сөзінде аталған жүк пойызының іске қосылуы өңір елдері арасындағы көлік дәліздерінің дамуына және транзиттік жүк ағынының ұлғаюына, сондай-ақ Қазақстан, Түркіменстан және Иран аумақтары арқылы Қытайдан Еуропаға жүктердің жедел өтуіне ықпал ететінін атап өтті.