
Тегеран, 2024 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Тұрақты өкілі Оңталап Оңалбаев ЭЫҰ Бас хатшысы Хусрав Нозириге сенім грамоталарын табыстады. Бұл рәсім Иран астанасында ЭЫҰ Хатшылығының штаб-пәтерінде өтті.
ЭЫҰ Тұрақты кеңесінің жаңа мүшесін қарсы алған Бас хатшы қазақстандық дипломатты жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан Ұйымның белсенді қатысушысы болып табылатынын және оның қызметіне елеулі үлес қосатынын атап өтті. Өз кезегінде, О. Оңалбаев Хатшылықтың ұйым жұмысын үйлестіру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, ЭЫҰ-ның экономикалық-инвестициялық өлшем әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Сонымен бірге, тараптар өңір экономикасын дамытуды және нығайтуды ынталандыруға бағытталған Ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне өзара қызығушылық білдірді.