Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын»
Республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша «Қазақстан – ата жұртым,
қасиетім – ана тілім» атты ХХ халықаралық олимпиада 2023 жылғы
26-30 маусым аралығында Астана қаласында өтеді.
Олимпиада Ережесіне сәйкес шетелден келетін команда 8 оқушы
және 2 жетекшіден тұрады.
Қатысушылардың Олимпиада өтетін жерге келіп-кету жол шығыны
жіберуші жақ есебінен төленеді.
Олимпиада кезінде қатысушылардың жататын орны, тамақтануы және
мәдени бағдарламалары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.
Осыған орай, аталған Олимпиадаға Ираннан қатысатын команда тізімін
2023 жылғы 2 маусымға дейін Қазақстан Республикасының Горган
қаласындағы Бас консулдығына беруді сұраймыз.
Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 701 533 9125 телефоны арқылы
«Дарын» орталығының өкілі Зәуре Аманова ханымнан алуға болады.