Алматының әсем тауларындағы «Медеу» мұз айдынында аты аңызға айналған қазақстандық «Азия дауысы» фестивалі 18 жылдан кейін қайта жаңғырмақ.
Азияның түкпір-түкпірінен келген үздіктермен бір сахнада өнер көрсеткіңіз келсе «Отандастар қоры» КеАҚ және «Азия дауысы» халықаралық фестивлі ҚҚ бірлесіп ұйымдастыруымен шетелде тұратын этникалық қазақтар арасында онлайн форматта өтетін халықаралық этно әндер байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқау шарттары:
- Толық аты-жөні;
- Жасы;
- Мемлекеті;
- Қызметі;
- Орындаған ән атауы;
- Конкурстан жеңіп алған сертификаттары;
- Түсірген бейнеклиптері немесе бұрынғы орындаулары.
Қатысушылардың байқау бойынша жұмыстары:
Бейнежазбаларды 2023 жылғы 29 мамырға дейін «fund.otandastar@gmail.com» электронды поштаға жолдау қажет.
Байқау жеңімпазы 2023 жылғы «Азия Дауысы» фестивалінде өнер көрсетуге ЖОЛДАМА ұтып алады.
Сұрақтар үшін: +7-747-178-39-38 Лашын