«Отандастар қоры» 2023 жылғы 1-14 шілде аралығында шетелдегі этникалық қазақ балаларына арналған жазғы лагерь ұйымдастырады.
Оған бару үшін Иранда тұратын қазақ жастарына 4 орын бөлінген.
Лагерьдің өтетін орны: «IQanat High School of Burabay».
Мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай
ауданы, Щучье көлінің оңтүстік шығыс жағалауы 46а.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
«IQanat High School of Burabay» мектебінің базасында өтетін лагерьдің артықшылықтары:
- IQanat мектебі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының тұжырымдамасына, яғни талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
құндылықтарына негізделеген;
- Мектеп Бурабай ұлттық паркінің жүрегінде Щучье көлінің жағасында
орналасқан;
- Заманауи мектеп, кампус, спорт залдары мен тақырыптық бөлмелер;
- Білім алуға және жан-жақты дамуға арналған қолайлы әрі қауіпсіз
орта;
- Лагерь бағдарламасы қазақтың ұлттық болмысы (қазақ тілі, ұлттық
ойындар, салт-дәстүр, өнер) мен заманауи білімді ұштастырған.
Бұл «Жазғы лагерь» жобасына Ираннан баруға ниетті тұлғалардың Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығына шұғыл түрде хабарласуын сұраймыз.
«IQanat High School of Burabay» мектебі туралы толық ақпаратпен
төмендегі сілтемелер арқылы таныса аласыз:
Ресми сайт: https://iqhsb.kz/;
Instagram: @iqanathscb.
Сұрақтар болған жағдайда «Отандастар қорының» Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің консультанты Лашын Жанарбекке
хабарласуға болады.
Байланыс нөмірі: +7 747 178 3938 (Whatsapp, Telegram).
E-mail: lashyn.jbek@gmail.com
ЕСКЕРТУ: 2019 және 2022 жылғы «Жазғы лагерь» жобасына қатысқан жастар 2023 жылы бара алмайды.