Горганда Наурыз мейрамы атап өтті
![Горганда Наурыз мейрамы атап өтті]()
Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығында Наурыз мейрамы атап өтілді.
Оған Иранда тұратын қазақ диаспорасы, Қазақстан азаматтары мен бұрынғы отандастар, жергілікті БАҚ пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараға келген қонақтар Ұлыстың ұлы күнін қарсы алуға арналған халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрімен таныстырылды және осы күнге арнап жасалатын тағамдарының дәмін татты.
Бұл мерекелік басқосу барысында Иранда тұратын қазақ өнерпаздары ұлтымыздың әндерін шырқады және күйлерін орындап берді.