Маңғыстау облысы делегациясының Гүлстан мен Мазандаранға сапары

Маңғыстау облысы делегациясының Гүлстан мен Мазандаранға сапары

Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Құлжанов бастаған делегация 2023 жылғы 22-28 ақпан аралығында Иранның Гүлстан және Мазандаран провинцияларына сапар жасады. Оның аясында аталған провинциялардың басшылығы, Сауда-өнеркәсіп палаталарының мүшелері және іскер топ өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізді.

Басқосулар барысында тараптар өңіраралық сауда-экономикалық, оның ішінде ауыл және балық шаруашылығы, құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация Гүлстан және Мазандаран провинцияларда орналасқан балық пен көкөністер өсіретін тоғандар мен жылыжайлар, мал мен құс бағатын және олардың өнімдерін өңдейтін, құрылыс заттарын шығаратын кәсіпорындардың жұмысымен танысты.