Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап оқулығын әзірледі.
Аталған басылым «Абай институты» Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету онлайн платформасында https://abai. institute орналасқан.
Бұл портал шетелдегі қазақ диаспорасы мен шетел азаматтарының қазақ тілі, әдебиеті және мәдениетімен жақын танысуына мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді.
Портал 6 тілде (ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.
Осыған орай, ана тілін үйренуге ниетті Иранда тұратын қазақтар бұл басылымды тиімді пайдалана алады.