
НұрСұлтанда халықаралық PATA Travel Mart туристік көрмесі өтуде. Көрмені өткізу құқығын елорда Азияның ірі қалаларымен бәсекелестікте жеңіп алды. Соңғы 68 жылдың ішінде аталмыш ісшара алғаш рет АзияТынық мұхиты аймағынан тыс жерде өткізілуде. Көрмеге әлемнің 60 елінен 1000-нан астам туристік индустрия өкілдері қатысуда.
Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Б. Темірболат Қазақстан 63 елмен визасыз режим орнатқанын, жыл сайын елімізді әлемдік астаналармен байланыстыратын әуе рейстерінің артуын атап өтті. Елорда әкімі А. Көлгінов өз сөзінде елорданың туристік саласын дамытудың үш негізгі бағытының айқындалғанын атап өтті. Бірінші бағытісшаралар туризмі: елордада шайбалы хоккей бойынша әлем чемпионаты, Comic Con 2019, IRON MAN 70.3 фестивалі, күрес бойынша әлем чемпионаты өтті. Екінші бағыт – медициналық туризм. JCI бойынша аккредиттелген 7 ұйымның 6-ы елордада. Үшінші бағытНұрСұлтанЕуразияның конгресстіккөрме орталығы.
Қалада жыл сайын 70-тен астам іс-шаралар өткізіледі, олардың төрттен бірі-іскерлік бағытта. "Президент Қасым Жомарт Кемелұлы ЖезқазғанҰлытау өңіріне барған сапарында туризмге біздің экономикамыздың негізгі саласы ретінде ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Соңғы 10 жылда біздің қалаға келген туристер және қонақ үйлер саны 2 есе өсті. Биыл НұрСұлтан Master Card компаниясының 200 жаһандық туристік дестинация рейтингісіне алғаш рет енді. Осы саланы одан әрі дамыту үшін Президенттің тапсырмасын орындау аясында халықаралық туризм университеті ашылады", - деді А. Көлгінов.
Ассоциация төрағасы К. Боттриллдің айтуынша, екі күн ішінде елордада әлемдік бизнес қауымдастық өкілдерімен 10 мыңға жуық кездесу өтеді. "Қазақстан жер аумағы бойынша әлемдегі 9-шы ел. Табиғаты ерекше әдемі ел. Сонымен қатар Қазақстанда бизнеспен айналысуға барлық жағдай жасалған. Осындай кездесулердің негізгі мақсаты - отандық және шетелдік туроператорларды ілгерілету, ынтымақтастықты нығайту", - деді Қ. Боттрилл. Ауқымды шара 18-20 қыркүйек аралығында "Көрме" орталығында өтті
http://astana.gov.kz/ru/news/news/20488