
2022 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай «Qeshm» Еркін аймағы ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Афшар Фатх Елләһимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Иранның туризм, сауда-экономикалық және көлік салаларындағы ынтымақтастығын жан-жақты дамыту мәселелері талқыланды.