Горганда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

Горганда Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

Қазақ өнерінің әйгілі әрі бірегейі әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай Иранның Горган қаласында мерекелік мәдени іс-шара өтті.
Оған Гүлстан провинциясының мемлекеттік органдары мен бірлестіктерінің, жергілікті қазақ диаспорасының белсенділері мен жастары қатысты.
Бұл басқосу барысында халқымыздың сүйікті әншісі туралы бандамалар жасалды және оның орындауындағы әндері басылған фильмер көрсетілді, сондай-ақ шағын концерт қойылды.
Халқымыздың қаһарманы Р.Бағланованың құрметіне арналған іс-шараға келгендер оның өнегелі өмірі және өнерімен кеңінен таныстырып, өз ісіне жан тәнімен беріген мұндай тұлғаларды естен шығармау және одан үлгі алу қажеттігін атап өтті.