Иранда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілді

Иранда Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдық мерейтойы атап өтілді

2022 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығында ұлтымыздың Ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек  үстел өтті.

Оған Иранның Горган, Бандар Түрікмен және Күмбед Кавус қалаларында тұратын қазақ диаспорасының белсенділері мен жергілікті  қоғамдық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы мен жерінің мүддесін қорғау, мемлекетін қалыптастыру және білім беру саласын дамыту жолында атқарған қызметі жан-жақты талқыланды.

Коммунистік жүйенің қуғын-сүргіні салдарымен жақсы таныс ирандық қазақтар және басқосуға қатысқан ирандық азаматтар Ахмет Байтұрсынұлы жасап кеткен еңбектерге жоғары баға беріп, оның мирасы халық есінде мәңгі сақталып қалатынын атап өтті.