
2022 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбай ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қ.Тұрсыновтың және АӨСШК Атқарушы директоры Қ.Ш.Сарыбайдың төрағалықтарымен ұйымдастырылған АӨСШК-ге мүше мемлекеттердегі Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің басшыларына арналған брифингке қатысып, баяндама жасады.
Брифинг барысында Елші А.Оразбай АӨСШК басымдықтарын ілгерілетуге, тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК Саммитіне дайындық жұмыстарын жүргізуге Иран тарапының қолдау көрсетіп отырғаны жөнінде кеңінен баяндады.