
2022 жылғы 13 сәуірде Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай ИИР Сыртқы істер министрлігінің Бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік департаментінің бас директоры А.Ешрағпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі аясындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде АӨСШК-нің 6-шы Саммитіне дайындық жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады.