ҚР Президентінің халықаралық істер және Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан мен ИИР Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Х.Каземи Қуми кездесті.

ҚР Президентінің халықаралық істер және Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан мен ИИР Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Х.Каземи Қуми кездесті.

ҚР Президентінің халықаралық істер және Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан мен ИИР Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Х.Каземи Қуми бейне-конференция түрінде кездесті.

Е.Қазыхан мен Х.Каземи Қуми Ауғанстан мәселесін реттеу бүкіл әлем, әсіресе Қазақстан мен Иран үшін өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастыру тұрғысынан аса өзекті екенін, осы бағытта өңір елдері бірлесуі қажеттігін атап өтісті.

Екі ел президенттерінің арнайы өкілдері қауіпсіз Ауғанстан қалыптастыру үшін құрамына сол елдегі барлық этностардың өкілдері кіретін ұлттық инклюзитивті үкімет құру мәселесі бойынша Қазақстан мен Иран тараптарының ұстанымдары ұқсас екенін атап көрсетті.

Сондай-ақ, олар ауған мәселесін талқылау үшін жақын арада кездесуге үміт білдірді.