Қазақстанның Горгандағы Бас консулы Е.Ахметов Горганның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Ә.М.Чупанимен кездесті

Қазақстанның  Горгандағы Бас консулы Е.Ахметов Горганның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Ә.М.Чупанимен кездесті

2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстанның  Горгандағы Бас консулы Ербол Ахметов Горганның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Әли Мохаммад Чупанимен кездесу өткізді.

Басқосу барысында Қазақстан мен Иранның өңірлері арасындағы сауда және экономикалық ынтмақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар өзара тиімді екіжақты байланыстарды нығайту жолында екі елдің кәсіпкерлері мен инвесторларына қажетті қолдаулар көрсетуге уағдаласты.