Абай үйінде шырқалған қазақтың ән-күйі

Абай үйінде шырқалған қазақтың ән-күйі

Иранда тұратын қазақтар Горган қаласындағы «Абай үйінде» Қазақстанның Маңғыстау өңірінен келген «Серпер» фольклорлық музыкалық ұжымымен кездесу өткізді.

Елден келген қонақтарға Ирандағы қандастардың бұл елге келу тарихы,  осындағы жағдайы мен тұрмыс-тіршілігі, Қазақстанмен және сол жақта тұратын туыстарымен байланыс туралы баяндалды.

Сондай-ақ, бұл басқосу барысында жергілікті қазақтар «Серпер» өнерпаздары орындаған қазақтың әйгілі ақын-жыршы мен күйшілерінің шығармаларын тыңдап, халқымыздың асқақ әундеріне ерекше әсер алды.