Қазақстанда өтетін Математика және механика бойынша конкурс туралы

Қазақстанда өтетін Математика және механика бойынша конкурс туралы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылғы      2-5 наурыз аралығында Астана қаласында өтетін Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсына қатысуға шақырады.

Бұл конкурсқа 11 (12) сынып оқушылары, сондай-ақ шетелдің ғылыми жобаларға арналған ұлттық конкурстарының жеңімпаздары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін 2026 жылғы 2 ақпанға дейін сканерленген өтінімді info@daryn.kz электронды мекенжайына жолдау және төмендегі сілтеме арқылы электронды нысанды http://tiny.cc/Zholdasbekov-2026 толтыру қажет.

Әр ел келесі бөлімдер бойынша төрт зерттеу жобасын ұсына алады:

- Математика – 1 жоба;

- Қолданбалы математика – 1 жоба;

- Механика – 1 жоба;

- Экономикадағы математикалық әдістер – 1 жоба.

Байқау бағдарламасы:

2 наурыз – қатысушылардың келуі

3 наурыз – Жобаны қорғау

4 наурыз – Мәдени бағдарлама

5 наурыз – Марапаттау және ресми жабылу рәсімі

Қаржылық мәселелер:

Конкурс күндері (2-5 наурыз) қатысушылардың тұруы мен тамақтануын ұйымдастырушы тарап қамтамасыз етеді.

Қатысушылардың Астанаға келу/кетуіне қатысты іссапар шығындарын жіберуші тарап өтейді.

Топ жетекшісінің жол жүруі, тұруы және тамағына қатысты шығындарын жіберуші тарап көтеруі тиіс.

Конкурс бойынша қосымша ақпараты +77775111986 WhatsApp нөмірі арқылы (Еркулан Нуртазанов) білуге болады.