
Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығында орналасқан «Абай үйінде» Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Иранның Горган, Бандар-Түрікмен және Күмбед-Кавус қалаларындағы қазақ диаспорасының басшылары мен белсенділері, сондай-ақ жергілікті іскер топ өкілдері шақырылды.
Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауымен жақын танысты және оның басымдықтарын талқылады.