Құрметті қандастар!
Отандастар қоры қазақ тілін насихаттауды жүйелі түрде жалғастырып келеді.
2025 жылдың тамыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың екінші легі іске қосылады.
Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша 100-ге жуық тыңдаушы қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын арнайы сертификаттарға ие болды.
Бұл көрсеткіш жобаның тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, шетелдегі және ел ішіндегі қазақ жастары мен қандастар үшін қазақ тілін меңгеруге деген үлкен қызығушылық бар екенін көрсетті.
Курстар заманауи онлайн форматта өткізіледі және қатысушыларға тілді меңгерудің бастапқыдан жоғары деңгейіне дейінгі сатылар ұсынылады.
Сабақтар тәжірибелі оқытушылардың қатысуымен интерактивті әдістемелер арқылы жүргізіледі.
Отандастар қоры барша ниет білдірушілерді тегін онлайн курстарға қатысуға шақырады.
Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.
Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:
Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;
Жас ерекшелігі маңызды емес;
Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;
Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;
Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.
Толығырақ ақпаратты сайттан оқи аласыздар: https://oq.gov.kz/news/1220-abay-taghylymy-avtorlyq-adebi-tuyndylar-bayqauy